Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Украинадағы қазақстандықтар жағдай шиеленісіп кетсе не істейді?

Украинадағы қазақстандықтар жағдай шиеленісіп кетсе не істейді?

Украиндағы жағдай күрделеніп кеткен жағдайда аталған елдегі қазақстандық азаматтар не істеуі керек? Елге дереу жеткізіле ме? Ол қалай жүзеге асады? Бұл сұрақтарға еліміздің Сыртқы істер министрі жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің сөзіне сүйенсек, қазір Украиндағы Қазақстан елшілігі барынша ел азаматтарымен байланыс ұстауға тырысуда. Дипломаттарымыз да әлі аталмыш елде, жұмысын жалғастыруда.
"Дипломаттар сол жақта. Киевтегі елшілігіміз жұмыс істеп тұр. Әскери қимылдар немесе соғыс басталып кетсе оларды шығаруға толықтай мүмкіндігіміз бар. Елшілік азаматтарымызбен байланыста. Десе де, жағдай шиеленісіп кеткен жағдайда Украиндағы қазақстандықтарға міндетті түрде Киевтегі елшілікке шұғыл хабарласуларыңызды сұраймыз", — деді Сыртқы істер министрі.
Еске салайық, бұған дейін Мұхтар Тілеуберді Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты Қазақстан әскер жібермейтінін, әрі бейтарап ұстанымда болатынын айқан еді.
22 ақпан 2022 ж. 8 491 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды