Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып кеткен қазақстандық табылды
Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып кеткен қазақстандық табылды. Ер адам бірден билет сатып алып, ұшып кеткен. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
"Ол Қазақстан аумағында жүр. Корея тарапы оған қатысты құжаттарды жолдады. Ол құжаттарды Сыртқы істер министрі тиісті механизм бойынша Бас прокуратураға жолдады. ЖКО бойынша бұл мәселе екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының арасында шешіледі", - деп атап өтті Смадияров.
Қазір 20 жастағы қазақстандық Павлодарда жүр.
"Ол ұшаққа билет алып, ұшып кеткен. Қазіргі уақытта бостандықта. Біздің жергілікті құқық қорғау органдары оны тауып, сөйлесті", - деп қосты ол.Еске сала кетейік, қазақстандық Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында жеті жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Оқиғадан кейін елге легалдық емес шетелдіктердің кіруін қатаңдату туралы шешім қабылдаған.