Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тағы бір қоғамдық кеңес құрылды

Елімізде тағы бір қоғамдық кеңес құрылды

Жергілікті деңгейде құқық қорғау органдары басшыларының есептерін тыңдауға, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік субъектілердің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі кон­курстық комиссияларына қатысуға құқылы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде заңнама талабына сәйкес жаңа қоғамдық кеңес құрылды.
"Егемен Қазақстан" сайтының мәліметіне қарағанда, Кеңес құрамына Прези­дент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының президенті Ерлан Әбіл, Мә­жіліс депутаты Айдос Са­рым, М.Нәрікбаев атын­дағы ҚазГЮУ ректоры Тал­­ғат Нәрікбаев және Мұ­рат Әбенов, Исидор Бор­чаш­вили, Марат Бәшімов, Кә­кімжан Бишманов, Айнұр Сәбитова, Мэлс Семғалиев, Ербол Өстеміров сынды қо­ғам қайраткерлері мен бел­сенділері кірді. Қоғамдық кеңестің төрағалығына ашық сайлау арқылы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төр­ағасы Дархан Қыдырәлі сайланды.
Отырыста атап өтіл­ге­нін­дей, жаңа заң талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңес енді нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын және азаматтардың өтініштерін олардың қоғамдық маңызына қарай өздігімен алып, қа­растыра алады. Сонымен қатар жергілікті деңгейде құқық қорғау органдары басшыларының есептерін тыңдауға, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік субъектілердің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі кон­курстық комиссияларына қатысуға құқылы. Яғни қо­ғам өкілдері агенттік қыз­ме­тінде болып жатқан бар­лық үдерістерге белсенді тартылатын болады.

20 қыркүйек 2021 ж. 4 791 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 126

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930