Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа "вирустарға" қарсы заң қабылдау қажет – сенатор

Жаңа "вирустарға" қарсы заң қабылдау қажет – сенатор

Коронавирус індеті кезінде жағымсыз идеологиялық "вирустар" да таратыла бастады, дейді Бақытжан Жұмағұлов. Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов коронавируспен бірге идеологиялық "вирустардың" таралып жатқанын, оған қарсы заң қабылдау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Коронавирус індеті кезінде экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатерлерге қоса жағымсыз идеологиялық "вирустар" да таратыла бастады. Жалған ақпараттар сол "вирусты" әлеуметтік желілер арқылы шұғыл таратып жібереді. Сондықтан әлеуметтік желілер туралы заң қабылдау қажет деп білеміз", - деді Жұмағұлов парламент тыңдауында.
Оның айтуынша, жаңа заң сөз бостандығын шектеу үшін емес, әлеуметтік желі жүйесін заңнама тұрғысынан реттеу үшін қажет. Құрылтайшылардың заң алдындағы жауапкершілігі де күшейеді.
"Жаһандану кезінде кейбір жастар шетелдік жағымсыз құндылықтар ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Мәжбүрліктен емес, сананың улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Осылайша жаһандық конгнитивті технология бұқаралық санаға әсер ету құралына айналып отыр", - деп атап өтті Жұмағұлов.





30 наурыз 2021 ж. 4 942 0

"Ғасыр куәсі" жобасы

13 ақпан 2025 ж. 180

Білім сапасы бақылауда

13 ақпан 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728