Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Үлкен жетілік" елдері Навальныйды тез арада босатуға шақырды

"Үлкен жетілік" елдері Навальныйды тез арада босатуға шақырды

"Үлкен жетілік" (G7) елдері Ресей билігінен оппозициянер Алексей Навальныйды тез арада босатуын сұрады. Бұл туралы G7 сыртқы істер министрлерінің 26 қаңтарда жарияланған бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

– Біз, G7 - Германия, Франция, Италия, Жапония, Канада, Ұлыбритания және АҚШ сыртқы істер министрлері, сондай-ақ Еуропалық Одақтың жоғары өкілі - Алексей Навальныйдың саяси негізде ұсталуы мен қамалуын айыптаймыз", - делінген хабарламада.

– Біз мыңдаған бейбіт шеруші мен журналистің ұсталуына қатты алаңдаймыз және Ресейді халықаралық және ішкі міндеттемелерін орындауға және 23 қаңтарда бейбіт жиналыстарға өз құқын қорғау үшін өз еркімен шыққан ұсталғандарды босатуға шақырамыз. Полиция күштерінің азаматтардың өз пікірін білдіру құқығын күшпен басуына жол берілмейді", - делінген құжатта.

Министрлер адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Навальныйды ұстау туралы соттың шешімін қолдамағанын мәлімдеді.

"Ресей билігін Навальный мырзаны дереу және сөзсіз босатуға шақырамыз... Біз Ресейдің Навальныйды, наразылық білдірушілер мен журналистерді тез арада босату туралы халықаралық үндеулерге, сондай-ақ Навальныйдың улануын қылмыстық тергеуге қалай жауап беретінін мұқият бақылауды жалғастырамыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 23 қаңтарда Ресейде Германиядан оралғаннан кейін бірден ұсталған Алексей Навальныйды қолдау мақсатында жаппай наразылық толқыны болды. Оппозиционер 30 тәулікке қамауға алынды
27 қаңтар 2021 ж. 3 961 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 571

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 017

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031