Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіподақ ұйымы: Әкімдер құлша жұмысқа жегіп, көше сыпырып жүретін мұғалімдердің мәртебесін арттыру керек

Кәсіподақ ұйымы: Әкімдер құлша жұмысқа жегіп, көше сыпырып жүретін мұғалімдердің мәртебесін арттыру керек

Ата-ана соққыға жығатын, әкімдер құлша жұмысқа жегіп, көше сыпырып жүретін мұғалімдердің мәртебесін арттыру керек.  Бүгін Астанада білім саласының кәсіподақ ұйымы Парламент пен Үкіметтен ұстаздардың құқығын көтеруді талап етті.

Елордаға еліміздің әр аймағынан жиналған бұл ұстаздар қауымы кәсіподақтан қорғаныш іздеп келгендей. Өйткені, шенеуніктер мұғалімдерді қол бала жасап алғаны өз алдына, сайлау, санақ секілді науқанды жұмыстарға жегіп қояды, деп хабарлайды 31 арна.
Әкімдіктің тапсырмасымен ұстаздар сабақтарын тастап, бітпейтін жиындарда отыруға мәжбүр. Тіпті жұмыс берушілер мұғалімдердің құқығын қорғамақ болған кәсіподақ басшыларының өзін қуғындайды екен. Ал, Алматы облысындағы ата-ананың мектепке келіп тұрып, оқытушыны соққыға жығып кетуі мүлдем сорақы жағдай деген кәсіподақ басшылары, мұғалімнің мәртебесін көтеру заңмен бекітілуі тиіс деп отыр. Айта кетейік, қазір Білім министрлігі ұстаздарды жұмсауға тыйым салатын қаулы әзірлеп жатыр.
“Мұғалімнің статусы неге байланысты? Мұғалімнің статусы қоғамдағы рөліне байланысты. Мысалы, әкімдер оларды қосымша жұмысқа жегетін болса, газет журналдарға жазатын боса, стадиондарды толтыратын болса, көше сыпыратын болса, ондай мұғалімдерді кім сыйлайды? Сондықтан кәсіподақ осы мәселелерді жұмыс берушілердің алдына әрдайым қойып отырады”, – дейді ҚР Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева.
Stan.kz
26 қаңтар 2018 ж. 1 441 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 99

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930