Латын әліпбиі – ұлт болашағы
Бүгіндері латын әліпбиі әлемдік өркениетпен байланыстыратын алтын көпір екендігі, заман талабынан туындап отырған қажеттілікке айналғаны көпшілік ортасынан қызу қолдау табуда.
Бұл әліпби біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрын пайда болған деген деректер бар. Нақтырақ айтсақ, үш мың жылға жуық уақыттан бері адамзат қолданып келеді. 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қазақ елінде де қолданыста жүрген. Ал қазіргі ақпарат пен технологияның дамыған заманында жастардың біразы латын әліпбиін таниды. Бұған ауысуға ынта танытып отырған мемлекеттер бар және көшіп үлгергендері де жетерлік.
2025 жылдан бастап қазіргі кирилица әрпін латын қарпіне, кезең-кезеңімен көшіру басты мақсатқа айналып отыр. Осындай шешім қабылдау, әлеммен араласа түсуімізге, жас өскіндердің ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жақсы жағдай туғызады. Ел дамуы жолындағы қажетті қадам. Себебі дүниежүзінде бүкіл ақпараттың 70 проценттен астамы латын әліпбиінде таратылатынын ескерсек, Қазақстан үшін латынға көшудің пайдасы өте көп. Сондай-ақ бұл өзгеріс қазақ тілінің өрістеуіне де өз үлесін қосады.
Тіл мамандарының айтуынша, латын әліпбиіне өту – тілдің фонологиялық, лексикологиялық және терминологиялық жағынан дамуына бірден-бір кепіл бола алады. Латын графикасы қазақ тілін халықаралық дәрежеге көтереді. Аталған әліпбиді қолдану, адамдардың оқып, үйреніп кетуіне ешқандай қиындық келтірмейді. Жаңа әліпбиге көшу – руханияттың барлық саласында өзге елдермен тереземіз теңесіп, жақындай түсуімізге септігін тигізеді.
Жадыра КӨМЕКБАЕВА,
аудандық кітапхананың әдіскері