Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қару сатып алудың жаңа ережесі күшіне енді

Қару сатып алудың жаңа ережесі күшіне енді

Елімізде пневматикалық және сигналдық қару, газ баллонын сатып алудың жаңа ережесі күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Енді азаматтар қару сатып алу үшін оны сататын дүкенде кәмелеттік жасқа толғанын дәлелдеу қажет. Сондай-ақ, сотталмағаны туралы және медициналық анықтамалар ұсынып, қару ұстаудың қауіпсіздік ережелерін білетіндігін дәлелдеуі керек», - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов.
Оның айтуынша, мұндай шара полицияның рұқсатынсыз сатылған қарумен жасалатын қылмыстың саны көбейгендіктен қолға алынып отыр.
«Үй ауласында ойнап жүрген балаларды пневматикалық тапаншамен қорқытқан мас адамды полиция өкілдерінің ұстаған видеосы әлеуметтік желіге тараған болатын. Сол оқиға сөзімізге мысал бола алады», - деді Мақсат Байболов.

ІІМ дерегі бойынша, 2017 жылдан бастап пневматикалық қару көмегімен 129 қылмыс жасалған. Оның 28-і қарақшылық, 79-ы бұзақылық, үшеуі кісі өлтіруге оқталу ретінде тіркелген.
Ал 2018 жылы Қазақстанға спорттық шараларда белгі беруге арналған 4 мыңнан астам сигналдық қару әкелінген.
07 тамыз 2019 ж. 1 122 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930