Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ісім судьямен болсын»: ақтаулық дәрігердің жазықсыз сотталғаны дәлелденді

«Ісім судьямен болсын»: ақтаулық дәрігердің жазықсыз сотталғаны дәлелденді

Шешуші сот отырысына жиналған халықтың қарасы қалың болды. Насуқан Отарғазиевті қолдауға өңірдегі ондаған аурухана дәрігерлері келген.

Ауруханаға келген әйелге әдепсіз сөйледі деп бір тәулікке темір торға қамалған ақтаулық белгілі балалар хирургінің жазықсыз екені дәлелденді, деп хабарлады «КТК» арнасы.
Апелляциялық алқа Ақтау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының Насуқан Отарғазиевке қатысты қаулысының күшін жойды.
Шешуші сот отырысына жиналған халықтың қарасы қалың болды. Насуқан Отарғазиевті қолдауға өңірдегі ондаған аурухана дәрігерлері келген. Арасында денсаулық сақтау басқармасының өкілдері де бар. Еске салсақ, Отарғазиев өткен айда «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп танылған болатын. Міне, енді дәрігер тарапынан ешқандай әкімшілік құқық бұзушылық болмағаны анықталып отыр. Өйткені, сотқа жеткізілген бейнебақылау камерасындағы видеода ешқандай дыбыс жоқ. Оның үстіне, куәгерлер де дәрігер тарапынан әдепсіз сөздер айтылмағанын растаған. Енді балалар хирургі азаматтық сотқа шағымданып, моральдық шығын өндіре алады. Алайда, ақталған ақ халаттының өзін айыптаған әйелге еш өкпесі жоқ. Тек жазықтан-жазықсыз бір тәулікке абақтыға қамаған судьяға қатысты іс қозғатпақ. 
«Апамыз үлкен кісі. Мүмкін, ана есебінде ашу үстінде айтылған сөздер болар. Ол кісіге тікелей қоятын ешқандай талабым жоқ. Баласының да, өзінің де арына берсін. Айтылмаған затты айтты деп оған байланысты ешқандай да жеке іс қозғағым келіп отырған жоқ. Ең бастысы, мына бірінші сотта болған судьяның қаулысы, жазықсыз бір тәулікке абақтыға қамағанына байланысты іс болатын шығар», - деді балалар хирургі Насуқан Отарғазиев.

03 тамыз 2019 ж. 1 017 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 151

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031