"Оны үлкен бастықтар санайды": Сарбаз арқасын қанша адамға тосқаны жайлы (видео)
Күні кеше Арыстың тұрғындарын жоғары жылдамдықтағы көлікке арқасын аяқ астына тосып мінгізген сарбаздың суретті жұртқа ерекше ұнап қалды. Көпшілік сарбаздың әрекетіне сүйсінгенін жарыса жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар комитетінің лейтенанты Бексұлтан Ибадуллаев Арыстағы эвакуация кезінде 15 шақты адамды аяғына арқасын тосып, көлікке мінгізген. Десе де, оның өзі қанша адамға осылай көмектескенін білмейтінін айтады.
«Біздің негізгі міндетіміз – адамдарды құтқару. Бізге шақырту түскен кезде адамдарды жоғары жүрісті техникамен қауіпсіз аймаққа көшіру үшін бардық. Сол кезде уақытты үнемдеу үшін адамдарды жылдам тасымалдау қажет болды. Сол себепті еңкейіп, арқамды тостым», - дейді ол.
Әрі қарай Бексұлтан Ибатуллаев арқасынан өткен адамдарға қатысты еш ақпарат білмейтінін, тіпті, қанша адамға осылай жасағанын санамайтынын жеткізді.
«Апайлардың аттарын білмеймін. Неше кісі екенін біздегі үлкен бастықтар санайды. Көп болды, бұл кісі жалғыз емес. Жалпы екі техникамен екі мәрте барып қайттық», - дейді ол.
https://www.instagram.com/p/BzMvlnqnd_Z/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again