Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Үш бала сатылады..."

"Үш бала сатылады..."

Ақтау қаласында үш баласын сатпақ болған адамның жазбасы жарнама сайтында жарық көрген. Жазбада үш ер баланың құны 100 млн теңге деп көрсетілген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тумба сайтына сілтеме жасап.

Ерекше жарнаманы ең алғаш болып жергілікті тұрғындардың бірі байқаған. Жарнама мәтінінде балаларды арзанға беретінін айтып, үш ұл баланың (бет-жүздері жасырылған) суретін жүктепті. Осыдан кейінгі мәтін мазмұны сатылатын үй турасына ауысады. Жарнама күндіз сағат 13:18-де ұялы телефоннан жарияланған. Қызыққан азаматтар көрсетілген номерге қоңырау шалғанда, бұл нөмір байланыстан тыс болып шықты.
Журналистер жедел түрде полицияға хабар берген. Ал жедел іске кіріскен құқық қорғау қызметкерлері жүктеген желі қолданушысы әзілдеген болуы керек деген түйін шығарыпты.
Полицейлердің болжамынша, аталмыш жазбаны Шымкент тұрғыны жариялаған. Іс насырға шауып бара жатқанда жүктеген азамат өзінің аккаунтын өшіріп тастады. Бірақ бұл кезде ҚР ҚК 12-бабы бойынша "Адам саудалау" айыбымен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары басталып кеткен еді.
www.qamshy.kz
29 мамыр 2019 ж. 1 627 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031