Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ажалы картоптан болды: төрт адам жертөледе көз жұмды

Ажалы картоптан болды: төрт адам жертөледе көз жұмды

Төрт азаматтың үшеуі жертөледе, ал 17 жастағы бозбала ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған. Ажалы картоптан болды: Ақмола облысында төрт адам жертөледе көз жұмды.

Ақмола облысында Тәжікстанның төрт азаматы бұзылған картоптың иісіне уланып көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik.

Бейсенбі күні кешкісін Державин қаласы Жарқайың ауданында үш адам картоп алу үшін жертөлеге түседі.

Олар 1971, 1975, 1981 жылғы үш ер адам және 17 жастағы бозбала болатын, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

«Үшеуі оқиға орнында көз жұмған, ал бозбала ауруханаға барар жолда мерт болды. Марқұмдар - Тәжікстан Республикасының азаматтары. Алдын ала болжам бойынша, олар шіріген картоптың иісіне тұншығып өлген», - делінген хабарламада.

Сәуір айының басында ғана дәл осындай оқиға Алматы облысында болған еді. Текес ауылында төрт адам уланып, оның бірі мерт болған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, жертөле бұзылған картоптан шыққан улы газға толып тұрған, олар содан тұншыққан көрінеді.

19 сәуір 2019 ж. 1 864 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 154

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 209

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 180

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 157

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930