Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Айқай-шудан пайда жоқ": Сапарбаев жиналыста шу шығарған көпбалалы аналарды тыныштандырды

"Айқай-шудан пайда жоқ": Сапарбаев жиналыста шу шығарған көпбалалы аналарды тыныштандырды

Бүгін Астана қаласының әкімімен кездесуде наразылық танытқан көпбалалы аналар Бақыт Сұлтановтың сөзін бөліп жіберді. Жиналысқа қатысқан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев әйелдерді мәдениетті түрде сөйлесуге шақырды.

Дүйсенбі күні елорда басшысы Бақыт Сұлтанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова және денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева көпбалалы аналарға оларға қандай төлемдер тиесілі екенін түсіндірді.

Алайда жиналыс кезінде көпбалалы аналар отырған жерінде айқайлап, әкімнің сөзін бөлді.

«Неге «Алтын алқа» иелері кезекте тұрады?», «Неліктен менің балаларымды тіркеуге қоя алмайды?», «Мені әкімнің қабылдауына кіргізбей қойды», - деп айқайлады әйелдер.

Наразылық танытқан аналарды министр Бердібек Сапарбаевқа тыныштандыруға тура келді. Ол проблемалық мәселелердің жай-жапсары анықталатынын айтып, бұл кездесудің соңғы емес екенін еске салды. Біздің басты мақсатымыз – көпбалалы аналардың мәселелерін тыңдау, дейді ол.

«Айқай-шудан пайда жоқ. Сіздердің мәселелеріңізді шешуге тырысып жатырмыз. «Алтын алқа» иелері жалпы кезекте тұрмайды. Жеке кезек бар. Көпбалалы аналарға арналған жеке кезек құру туралы мәселені қарастырып жатырмыз. Алайда оның бәрі бірден болмайды. Қанша ақша, қанша пәтер қажет екенін қарау керек. Бәріңіз білімді, мәдениетті адамсыздар ғой», - дейді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар ол бүгінде көмекке аса мұқтаж отбасыларды анықтауды мақсат етіп отырғандарын айтты.

Өз есебінде министр 1 сәуірден бастап көмекті тағайындау критериі жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыздан 70 пайызға, яғни 14 849 теңдеген 20 789 теңгеге көтерілетінін айтты.

«Атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін мекен жай тіркеуі қажет. Бүгінде ішкі істер министрлігі осыған байланысты кей мәселелерді қарастырып жатыр. Бәріміз ауылда, көпбалалы отбасында өстік. Қиындық көрдік, білеміз. Тәрбиелі болыңыздар», - дейді Сапарбаев.
18 наурыз 2019 ж. 1 203 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031