Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматылық жігіт 3 миллион теңгесін ойынханада ұтылып қалды

Алматылық жігіт 3 миллион теңгесін ойынханада ұтылып қалды

Әу баста ойыншы лотереяға 50 мың теңге тіккен, кейін 100 мыңға көшіпті, ақыр соңында бар ақшасын ұтқызып жіберген.
Алматы тұрғыны көлік алмақшы болған 3 миллион теңгесін Астанада лотоға салыпжіберді. Тіпті, кері қайтуға ақшасы қалмапты.
Амалы таусылған 33 жастағы жігіт "Астана" арнасына хабарласып, көмек сұраған.
Ол "лото-клуб тым құрығанда міндетті деген 10 пайыз өтемақыны төлесін" деп отыр. Әу баста ойыншы лотереяға 50 мың тіккен. Кейін 100 мыңға көшіпті. Ақыры ұтыс шықпай, бар соманы бір-ақ тігеді.
"Қалай бүкіл ақшамды ұтылып қалғанымды білмеймін. Көлік аламын деген қаражат болатын. Олар маған тиісті 10 пайыз өтемақыны қайтаруын талап еттім. Нәтиже жоқ. Тек әкімші келіп өз ережесін айтып, қайта кетіп қалады", - дейді Нұрдүн Қожамбердиев.
Клуб әкімшілігі ұтылған соманың 10 пайызы қайтарылу керегін жоққа шығармайды. Бірақ, бұл ереже тек "казиноларда" жүреді екен.
"Бүкіл ереже кіреберісте жазылып тұр. Ойынға құнықпауға шақыратын ескертулер де ілінген. Бізде өтемақы деген атымен жоқ. Ол бізден ұтылған ақшасының 10 пайызын неге сұрап жатқанын мүлде түсінбеймін. Ойнаған өзі. Бұл оның өз таңдауы болды", - дейді лото-клубтың әкімшісі Гауһар Әбдірахманова.
17 наурыз 2019 ж. 1 080 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30