Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балықшы суға батып бара жатқан қыздарды қармақпен құтқарып қалды (видео)

Балықшы суға батып бара жатқан қыздарды қармақпен құтқарып қалды (видео)

Аргентинада балықшы қармақтың көмегімен суға батып бара жатқан қыздарды құтқарып қалды.

Оқиға 25 қарашада Хенераль-Альварадо муниципалитетіндегі жағажайлардың бірінде орын алған. Эрнан Мария Галарца балық аулап жүріп, сол маңда күнге қыздырынып жатқан үш қыздың аяқ астынан жоқ болып кеткенін байқайды. Артынша ол толқындарға қарап, сөмкеге ұқсайтын заттарды көріпті. Бірнеше секундтан кейін Галарца олардың сөмке емес, қыздар екенін түсінеді, деп хабарлайды Clarin басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Балықшы қармағының бауы оратылып қалғанын байқап, оның бағытын анықтайды. Сөйтсе, суға батып бара жатқан қыздардың бірі бауды қолына орап алыпты. Гларца қыздарға айқайлап, құтқарып алатынын айтқан. Ол біраз уақыт бойы қармақтың бауын тартуға тырысып, артынша көмек іздеуге жүгіреді. Балықшы жағажай маңынан 17 жастағы жасөспірімді көріп, одан суда жүзе алатын-алмайтынын сұрапты. Анықталғандай, жасөспірім өмір бойы құтқарушы болуды арамандаған екен. Сондықтан ойланбастан суға күмп береді.

Балықшы көмек іздеп жүрген кезде қыздарды бірі судан өзі шығыпты. Жасөспірім тағы бір қызды судан шығарып алды. Бұл кезде Гларца үшінші қызды қармақтың көмегімен ұстап тұрған. Оларды құтқару үшін шамамен 20 минут кетті.

Ажалдан аман қалған балалардың жасы 11-13 жас аралығында екен. Олар судан қармақтың бауын қалайша байқап қалғанын түсінбегендерін мойынады. Балықшының сөзінше, абырой болғанда, қармақтың бауы үзіліп кетпей, қыздарды құтқару мүмкін болды.

«Қатты қобалжып, есім шықты. Олардың қалай өлгенін көру өте қорқынышты болар еді. Егер оларды құтқаруға тырыспасам, мұндай сұмдық көз алдымнан өмір бойы кетпейтін еді», – дейді Галарца.
[video=]
01 желтоқсан 2018 ж. 1 515 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031