Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері 8 адам суға кетті

Жыл басынан бері 8 адам суға кетті

Бүгін облыстық өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық ТЖД бастығының орынбасары полковник С.Молдақараевтың, төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ә.Мардановтың, «ОӨАЖҚЖ» ММ басшысы Б.Ембергеновтің, Қызылорда облысы жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Жаңабаевтың қатысуымен «Жазғы кезеңдегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді.
Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник С. Молдақараев: «Департамент пен жедел құтқару жасағының қызметкерлері жазғы суға түсу маусымында қайғылы оқиғалардың орны алмауы үшін тынымсыз тер төгеді. Тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқан үгіт-насихаттық іс-шараларына қарамастан, суда қаза болғандардың саны үдей түсуде. Облыс бойынша 2018 жылдың басынан бастап 8 адам суда қаза болған, оның 2-еуі бала. Сонымен бірге Құтқару қызметі 13 адамның өмірін аман алып қалған.»
Қайғылы жағайлардың себептері төмендегіше болған:
1.Балалардың ата-анасының қарауынсыз су айдындарында суға түсуі.
2.Мас күйінде суға түскендер.
3.Су айдындарында қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтамағандар және суға түсуге болмайтын орындарда суға шомылғандар».
Сөз алған ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ басшысы Бахыт Сағынбекұлы: «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және адамдардың қаза болуына жол бермеуге қазіргі уақытта қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын егжей-тегжейлі айтып берді. Барлық оқиғада адамдар су айдындарының жабдықталмаған орындарында суға шомылған, балалар ата-аналарының қарауынсыз болған. Сондықтан Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары Қызылорда облысы ТЖД мамандары және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін барлық жағдайларды жасап облыс су айдындарында күн сайын рейдтер мен патруль жүргізуде.»,-деді.
Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ә.Марданов: «Тек қана 7-8 шілдеде облыста 3 адам қаза болған, оның 1-еуі бала:
- 2018 жылдың 7 шілдесінде 12 сағат 05 минутта «11 сағат 07 минутта Бәйгеқұм елдң мекенінде, Қанқожа көлінде суға түсуге болмайтын орында Р. 1995 жылы туылған (Астана қаласының тұрғыны) Д.Р. суда қаза болды»,-деген хабар түсті. 11 сағат 13 минутта мәйіт жергілікті тұрғындардың көмегімен судан шығарылды.
2018 жылдың 7 шілдесінде 16 сағат 35 минутта Жосалы елді мекенінде Сырдария өзеніне (автожол көпірі маңында) суға түсуге арналмаған жерде 2002 жылы туылған У.А. суда қаза болды. 20 сағат 53 минутта мәйіт ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ күшімен (4 адам 1 техника және 1 жүзу құралымен) судан шығарылды.
- 2018 жылдың 8 шілдесінде 6 сағат 58 минутта «Авто ХҚКО» маңындағы Жаңадария каналына суға түсуге арналмаған орында 1986 жылы туылған Е.Н. суға кетті. 13 сағат 13 минутта мәйіт ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ күшімен (4 адам 1 техника және 1 жүзу құралымен) судан шығарылды.
Облыс бойынша 4 жағажай тіркелген. Бірі Шиелі кентінде, енді бірі Қамбаш көлінде қалған екеуі қала аумағындағы Арай шағын ауданында және Белкөл кентінде орналасқан.
Халықтың көп шоғырланған орындарда, сауда орындарында, базарларда және су айдындарына жақын көшелерде жылжымалы құлақтандыру бекеті арқылы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Үнпарақтар таратылуда, темір жол вокзалында дауысзорайтқыш арқылы ақпарат берілуде, Халыққа қызмет көрсету орталығында телеэкранда бейнероликтер көрсетілуде. Жергілікті телеарналарда бейнероликтер көрсетілуде».
Баспасөз-мәслихаты барысында судағы төтенше жағдайдың алдын алу үшін облыстың барша тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажеттігі, әсіресе су айдындарында және жағалауда балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде айтылды.
09 шілде 2018 ж. 1 065 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930