Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Майда жоқ

Майда жоқ

Имандылық үйі – мешіттегі жұмысымнан үзіліс уақытынан үйге қайтарда сауда орындарынан керекті заттар мен азық-түлікті алып қайтуды дағдыға айналдырдым. Әйелім аурушаң болғандықтан, көбіне сыртқа шыға бермейді. Осындайда күнделікті өзім көретін көрініс ойыма мына жайтты түйдірді.
Дүкендерде де, базарда зат алып тұрып, ақшаңды берсең, «майда жоқ» деп ауысқанын қайтаруға ұсақ ақша жоғын айтып, орнына тауар алуды ұсынады. Соңғы кездері көлік айдаушыларының да қайтарым ақыны орнына түрлі түлкі бұлаңдыққа салынатынын жиі кездестіріп жүрміз. Олардың барлығы дерлік пейілі тар адамдар емес, ішінара болса да, ұсақ ақшаның болмай қалатыны да себепші.
Көп жыл төккен теріміздің ақысына бүгінде, аллаға шүкір, мемлекет тарапынан зейнетақы алатын зейнеткерлер санатындамыз. Мұндай ай сайын берілетін ақыны банкомат құрылығысынан босатарда да қиындыққа тап боламыз.
Мәселен, өткен айда әйелімнің зейнетақысына алған 55000 теңгеге 5000 теңгеліктер берілді. Ал соның жетеуі жыртық болып шықты. Сауда орындарына апарып, қажеттімізді алайық десек, олар жарамсыз болып, әбден әбігерге салды. Кейде қолданыста жоқ 1000 теңгелік банкноттар да беріліп жатады. Нәтижесінде қайтадан банкке сабылып, әуреле-сарсаңға түсіріп, уақытыңды алады.
Мұндайда «Онсыз да күн ыстықта ұзын-сонар кезекте тұрып, зорға жететін зейнетақыны алуда жарамсыз ақшарды беру әділетті ме? Оны қадағалаушылар жоқ па? Әлде халықпен ойнау қалыпты жағдай ма?» деп қынжыласың.
Темір кенінен алдыңғы орында тұратын Қазақстанда темір ақшалар жасап, айналымға қосатын мүмкіндігі молын білеміз. Әлеуметтік жағдай түзелген тұста жауапсыздық пен немқұрайлықты қолдан жасау дұрыс емес деген ойдамын.
Беганыш ЖАҚСЫБАЙ
03 тамыз 2021 ж. 3 328 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 173

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930