Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада далада батпаққа батқан метереологтар құтқарылды

Қызылордада далада батпаққа батқан метереологтар құтқарылды

Қызылорда облыстық төтенше жағдай қызметкерлері батпаққа батып, жолға шыға алмай қалған «Қазгидромет» қызметкерлерін құтқарды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар саласы қызметкерлерінің хабарлауынша, Қызылорда облысы ТЖД кезекшісінен, «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ» тасжолының 94 шақырымы белгісінен оңға қарай «Злиха» гидрометеобекеті маңында 3 адам «УАЗ» автокөлігімен батпаққа батып, шығалмай қалғаны жөнінде хабарлама түседі. Хабарлама бойынша, «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бір қызметкерімен бірге жасақтан 3 құтқарушы жол талғамайтын «Камаз» автокөлігімен шықты.
Құтқарушылар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ» тасжолының 94 шақырымы белгісінен оңға қарай, «Злиха» метеобекетіне қарай бұрылып, жолсыз жермен 110 шақырым жүргеннен кейін, далада батпаққа батып тұрған «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының «УАЗ» маркалы м/б kz 653 AN 11 автокөлігін тапты.
Жағдайды сұрастырып анықтағаннан кейін, құтқарушылар «УАЗ» автокөлігін тіркемеге алып, батпақтан құрғақ жерге тартып шығарды. Содан кейін, ілесіп жүріп «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері А. Абдурамановты Қ. Шаденовты және А.Беденді «УАЗ» автокөлігімен Қызылорда қаласына жеткізді.
14 наурыз 2018 ж. 1 320 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930