Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Телефон арқылы төлем жасағанда ақша қалай ұрланады?

Телефон арқылы төлем жасағанда ақша қалай ұрланады?

Биыл көптеген мемлекет тұрғындары тауар мен қызмет үшін төлем жасауға QR-кодты белсенді қолдана бастады. Бұл төлем тәсілі танымал болған сайын алаяқтық жағдайлары да арта түсті.
«Позиция Права» заңгерлік компаниясының басқарушы серіктесі Егор Рединнің айтуынша, QR-код – құрылғыға мәтіндік ақпарат жеткізу тәсілі.
«Алаяқтар ақпарат стендтерінде, парақшаларында QR-код қояды. Сондай-ақ, кейбір ұйымдар көрсеткен кодты өзгертіп, ақшаны өз есепшоттарына ауыстырып алады», – деді заңгер РИА Новостиге.
Ол қылмыскерлер осы екі схеманың біреуін таңдауы мүмкін екенін айтады. Біріншісінде, адамды әдейі жаңылыстырады. Ал екінші жағдайда тұрғындар білмей, телефонға вирустық бағдарламаларды жүктейді.
Сондай-ақ, тауар мен қызмет ұсынған компанияның QR-код реквизиттері орнына алаяқтар өздерінің мәліметін тіркейді. Сондықтан антивирус арқылы тексерілетін QR-код сервистерін қолдану керек. Олар кодтың фишингтік, зиянды парақшалар базасында бар-жоғын анықтайды.
Егер QR-код арқылы алаяқтар ақшаңызды алып қойғанын білсеңіз, операцияны болдырмау үшін банкке жүгіну керек. Полицияға арыз жазған жөн.

18 желтоқсан 2020 ж. 2 222 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 180

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930