Ауылдастар табиғат сақшысы қазасы үшін кешірім сұрады
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қапиядағы қазасы қазақстандықтардың есінде. Жақында оны өлтіргендердің туыстары мен ауылдастары жиналып марқұмның жақындарынан кешірім сұрағандығын KTK арнасы айтты.
Табиғат сақшысын жан тәсілім еткен броконерлер Шүкілдіков, Ахметов және Ақшановтың туып-өскен Абай ауылының тұрғындары алдымен марқұм Ерлан Нұрғалиевке құран бағыштады. Сосын жиналған жұрт марқұмның отбасынан кешірім сұрады. Қылмыскерлердің туыстары мен ауылдастары қорықшының отбасы кешірім берсе, үш азаматтың «жазасы жеңілдей ме?» деп үміттеніп, сотталғандарға басқа жаза тағайындауды сұрап отыр.
"Күнде «әкешім» деп сұраған кезде айтуға сөз таппай қаламыз. Тек жазасын жеңіл қылыңыздар. Кінәлі емес демейміз, кінәлі. Бірақ кінәнің де өз шегі болады. Ортаға бала-шағасының арасына, мейлі кәрі болсын, бірақ қайтып келуін сұраймыз", - деді сотталған Қайрат Ақшанов жары Жанар Ақшанова.
Еске сала кетейік, Ерлан Нұрғалиевтің өліміне және оның әріптесі Петр Ницыкқа жасалған әрекетке қатысы бар браконьерлерге қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шыққан болатын.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат