Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аружан Саин: Қазақ тілін үйренуге уақыт жоқ

Аружан Саин: Қазақ тілін үйренуге уақыт жоқ

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қазақ тілді журналистерден кешірім сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Аружан Саин өзінің алдағы жоспарын таныстырды. Жарты сағаттан астам уақыт сөйлеген уәкіл өз баяндамасын толығымен ресми тілде жасады. Осыдан кейін қазақ тілді журналистер оған ескерту жасап, мемлекеттік тілде сөйлеу керектігін жеткізді.
"Менің қазақ тілім әлі онша жақсы емес. Специфика жағынан... терминдерді пайдаланғанда маған қиын. Сіздермен жай сөйлесе аламын. Бірақ біздің мәселелеріміз туралы әлі айта алмаймын. Әрине, күн сайын қазақ тіліндегі мәтіндерді оқып, жаттап, сөйлеуге тырысамын. Бірақ кешіріңіз...болашақта. Біріншіден, уақыт керек оған. Қазір уақыт жоқ", - деді Саин.
Айта кетейік, бүгінгі брифингте Саин барлық интернатты жабуды ұсынды. Оның айтуынша, кәсіби фостерлік отбасылар болса, балалар үйлерін толығымен жауып тастауға болады.
"Қазақстанға шамамен 350-500 фостерлік отбасы қажет. Себебі жыл сайын 1 500 бала ата-анасының асырауынсыз қалып жатады. Сонда бір фостерлік отбасы 3-5 баланы алса, қазіргі интернат мәселесін толығымен шешуге болады", - дейді Саин.

29 қыркүйек 2019 ж. 1 168 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031