Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сөздің киесі бар, байқап сөйлеңіз…

Сөздің киесі бар, байқап сөйлеңіз…

Кешегі қыршынынан қиылған Денис Теннен: «Спортта қай жасқа дейін жүресің» — деп сұрағанда, «25 жасқа дейін» — деп жауап берген екен.

Оразалы Досбосынов деген алапат ақын көбінесе сөзді:
«Атым Ораз болғанмен,
Отыздан жасым аспаған,
Иегін сақал жаппаған.
Сүйінбаймын, Жамбылмын,
Таңжырықпын, Шарғынмын» — деп, бастайтын. Шынында жасы отыздан аспады, небәрі 29 жасында жарық дүниемен қош айтысып кете берді.
Кейін Оралдан Асылбек Исщанов деген ақын бала шықты. Сол бала өзінің ең соңғы айтысында:
«бір күнде бес ақынмен,
Айтысып бәрін жеңетін,
Оразалының жолын бер» — деп жырлаған екен. Арада көп уақыт өтпей жап-жас Асылбек тура Оразалы ағасы құсап жол апатынан қаза тапты.
Атақты Жәнібек Кәрменовтың керемет термесі бар, сол терменің ішінде «Жалғыз шықпа сапарға, өкініште қаларсың» — деген жолдар бар. Сол Жәнібек ағамыздын жолға жалғыз шығып кетіп жүрегі тоқтап қалып қайтыс болғанын біреу біліп, біреу білмес.
Атақты Мұқағалидың да:
«Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде,
Қырықтың бесеуінде» — деген өлеңі бар.
Ақиық ақын шынында 45 жасында дүниеден өткен еді.
Табылды Досымов ағамыздың «ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам» — дейтін xит әні болды. Ағамыз шынында ұйықтап кетіп оянбады.
Біз көбінесе сөзге мән бермейміз. Әсіресе балаларға ұрыссақ артық кетіп қаламыз.
«Өстіп жүріп бір бәлеге ұрынасың, суық тиіп өлесің, оқудан шығарып жібереді, адам болмайсың, енеңнен таяқ жейсің, басыңды асырай алмайсың» — деген сияқты артық сөздерді айтамыз.
Болмаса шаршап кетсек «Құдай-ай, қиналып біттім, өлсем тыныштық табатын шығармын, бүйтіп жүргенше өлгенім жақсы» — деп күпір сөйлейміз..
Исламда «жақсы сөз сөйле, болмаса үндеме» — деген xадис бар.
Жарық жұлдыздай ағып түскен Артығали Ыбыраев та: «Күлімдеп тұрып, қиылып түссем қыршындай» — деп жырлаған екен. Шынымен де солай болды.
Ендеше жақсы ойлап, тек қана жақсы сөз сөйлеп үйренейік. Сөзіңді өзгертсең, өзің де өзгересің! «Жақсы сөз — жарым ырыс» — дегендей жақсы сөздер айтып жүрейік.
«Жақсы сөз — жан азығы» — деген ғой.
Бір бірімізге жақсы сөз сөйлеп, жылы сөз айтып жүрейікші дос бауырлар…
23 қазан 2019 ж. 1 443 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930