Бәлкім керісінше болғаны жөн бе еді...
Қанша жыл өмір сүреміз деп ойлайсыз? Көп дегенде 100 жыл. Одан көпті ешкім қаламайды. 1 сағаттан кейін бе, ертең бе, 1 жылдан кейін бе, 10 жылдан кейін бе, дүниемен қош айтысып кете барамыз. Ешкім оның уақытын біле алмайды.
10 жаста намазды бастайық дейік. Қазір жасымыз 30-да. 20 жыл намаз оқыдық, қазір сол оқыған намаздарымыздың салмағын сеземіз бе? «Қанша уақыт намаз оқимыз?», - деген сұрақтың «Қашан өлемін?», - деген сұрақтан айырмашылығы жоқ. Олай болса қанша уақыт намаз оқимыз? Тек 1 уақыт. Ол - қазір уақыты кірген намаз. Оны оқығаннан кейін одан кейінгі намазды оқуға еш кепілдігіміз жоқ.
Өзімізді өміріміздің соңына дейін намаз оқу үшін емес, тек бір уақыттың намазын оқимын деп дайындайтын болсақ, жалығу туралы сөз болмайды.
Күндік намаздың жиынтығы 40-ты құрайды. 5 уақыт намаз қанша минутта оқылады? 40 минутта. 4 минуттан 20 минут дәрет алуға бөлінсін. Осылайша, 5 уақыт намаз дәретімен бірге 1 сағат уақытты алады.
Бір күнде қанша сағат бар? 24 сағат. Жұмыс істеу, қыдыру, оқу, ұйықтау, тамақ ішу үшін күніне 23 сағат уақыт бар. Оның қасында о дүниедегі орнымыз үшін 1 сағаттық уақытты ғибадатқа қию не тәйірі?! Бәлкім керісінше болғаны жөн бе еді...