Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалаулым қатысушыларының жалақы алатыны рас па?

Қалаулым қатысушыларының жалақы алатыны рас па?

"Қалаулым" бағдарламасы ең бірінші эфирінен бастап, ел арасында әлі де қызу талқылануда. Кейбіреулер атышулы жобаның шынайлығына күмәнмен қараса, енді бірін қатысушылардың жалақы алу мәселесі мазалап отыр. Көптің көкейінде жүрген сауалдарға бағдарлама продюсері Шахкерім Кәрменов жауап берді.
Ғаламтор кеңістігінде "Қалаулым" қатысушылары жоба аясында арнайы рөл сомдап, сол үшін белгілі мөлшерде жалақы алатыны туралы қауесет тарап кетті. Бұл ақпараттың пайда болуы көрермендерді бағдарламаның шынайлығына күмәндана түсуіне итермелеген.Осы орайда, Шахкерім Кәрменов сұхбаты барысында қатысушыларға төленетін қаржы туралы ашып айтты. Жоба жүргізушісі бағдарлама басшылығының оларды тамақтандырып, жүрген-тұрғанымен мен ұялы байланысын толықтай қамтамасыз ететінін мойындады.
"Студияға бізге келгені мен қайтқаны үшін қаражат жұмсайды. Оған қоса, студияда бізбен бес сағат уақыт өткізгеннен кейін бір немесе екі рет тамақтанулары қажет, адам болған соң. Тамақ пен жолдың ақшасын және ұялы байланысқа кететін шығынды біз төлейміз. Себебі, олар бізбен үнемі байланыста болуға мәжбүрлі. Бірақ бұны жалақы деп есептеуге болмайды. Бұл сіздің тарапыңыздан қаржы жұмсалмас үшін біздің шығынды өтеуіміз. Барлығы чек арқылы жүзеге асады. Қанша қаражат жұмсағаныңды растайтын чекті көрсеткен жағдайда, бухгалтерия оған тиісті ақшасын төлеп береді. Ал тамаққа біз ақша бермейміз. Өзіміз тамақтандырамыз" , - дейді Кәрменов.
oinet.kz
11 қазан 2019 ж. 1 367 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930