Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Еуразия» телеарнасының басшысы «Қалаулым» бағдарламасын сынаушыларға жауап берді

«Еуразия» телеарнасының басшысы «Қалаулым» бағдарламасын сынаушыларға жауап берді

«Еуразия» бірінші телеарнасы бас директорының орынбасары, экс-сенатор Светлана Жалмағамбетова «Қалаулым» бағдарламасын сынаушыларға жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысында Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова елімізде пайдасы жоқ ток-шоуларды түсіру сәнге айналып бара жатқанын атап өтті.
Кейін жиын барысында «Еуразия» бірінші телеарнасында шығарылатын «Қалаулым» бағдарламасына қатысты сыни пікірлер айтылды.
Бұл сындарға экс-сенатор, аталған телеарнаның бас директорының орынбасары Светлана Жалмағамбетова жауап берді.
«Қалаулым» бағдарламасына тоқталайын. Бақытгүл (Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова – автор) сізге бағдарлама ұнамайды. Сіз көрмесеңіз, көрмей-ақ қойыңыз. Бұл басқа ток-шоулармен салыстырғанда рейтингісі ең жоғары бағдарлама. Бірде бір телеарнада 3 сағат бойы көрерменнің назарын ұстап отыратын бағдарлама жоқ», - деді ол.
Сонымен қатар, Светлана Жалмағамбетова аталған бағдарламаның еліміздегі өте өзекті мәселелерді көтеріп отырғанын жеткізді.
«Бұл бағдарлама расында өте маңызды мәселерді көтереді. Бүгінгі таңда елімізде тұрмысқа шықпай, жалғыз қалған қыздар көп. Олар анда-мында баруға ұялады. Ал бұл мәселені біз тек тоқал алып қана шешу керекпіз бе? Біз 21 ғасырда отырып, орта ғасырға шегінуіміз керек пе? Сонымен қатар қаладағы құрылыста және т.б. жұмыс іздеп жүрген азамтаттар бар. Олар үйленуге уақыт таба алмай жүр. Сондықтан сондай азаматтар бағдарламаға келеді», - деді басшы.
Сондай-ақ, «Еуразия» бірінші телеарнасы бас директорының орынбасары «Қалаулым» бағдарламасына азаматтар қоңырау шалып, алғысын білдіретінін жеткізді.
«Әлеуметтік желіде жаман пікірлер айтылып жатыр дедіңіздер. Бірақ жақсы пікірлер де бар. Бізге көптеген хат келіп жатыр. «Түрлі азаматтар қоңырау шалады. Олар бізге «бағдарламаны неге Астанада түсірмейсіңдер? Біз де қатысайық» дейді. Ал кейбіреулері алғысын білдіріп жатады», - деді экс-сенатор.
Сонымен қатар, Светлана Жалмағамбетова алғашында аталған бағдарламаның рейтингісін көтеру үшін эфирден қолайсыз жағдайлар көрсетілгенін мойындады.
«Алғашында рейтингті көтеру үшін біз тікелей эфирде қолайсыз жағдайларды көрсеттік. Бірақ бағдарламаның рейтингісі көтеріле бастаған соң, біз бұл мәселені басқаша шеше бастадық. Қазіргі таңда бізде техникалық мүмкіндіктер бар. Егер эфирде ұрыс-керіс болса, олардың барлығын кесіп тастаймыз. Осылайша бағдарламаны ретке келтіріп жатырмыз», - деп түйіндеді сөзін «Еуразия» бірінші телеарнасы бас директорының орынбасары.
28 ақпан 2018 ж. 2 628 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930