Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жағдайы жоқ па?": Арбатта ел алдында ән салған Серік Ибрагимов қызу талқыға түсті

"Жағдайы жоқ па?": Арбатта ел алдында ән салған Серік Ибрагимов қызу талқыға түсті

Серік Ибрагимов Алматыдағы ең көп адам жиылатын жерде көпшіліктің алдында ән шырқады. Кешке қарай жас музыканттар өлең орындап, ақша табатын арбатта отандық танымал әншінің өнер көрсетіп жатқаны серуендеп жүрген халықты таңғалдырды.
 
Өнерін паш еткен шоу-бизнес жұлдызын көпшілік бірден қоршап алды. Олар эстрада әншісінің ән айту шеберлігіне тамсанып тұрса, желі қолданушылары асқан қарапайымдылығына тәнті болған.

Көшеде өлең орындап жатқан Серік Ибрагимовтың видеосыInstagram желісіне тарап кеткен. Видеодан оның әнді гитара шертіп айтып отырғанын аңғаруға болады.

"Қарапайым әнші деп осыны айт" , "Халықтың әртісі бұл" , "Тамаша өнерің гүлдене берсін", "Ауызашардан кейін тыңдармандарынды бір қуантып алдың" , - деп жазуда көпшілік.

Cонымен қатар, жұлдыздың көшеде ән салғанын қызу талықлағандар да болды. Олар ел алдында өлең орындаған әнші бұл әрекетіне жағдайы болмаған соң барғанын болжады.

"Жағдайы жоқ болып қалған ба?" , "Енді тойдан емес, арбаттан ақша таппақ болған ба?" , "Шамасы материалдық жағы қиындап қалған болар" , - деп жазды оқырмандар.
01 маусым 2019 ж. 1 989 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 272

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031