Әнші жамағатқа жақсылық сыйлады

Мешіттің ашылу рәсіміне қатысқан ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, елімізге белгілі теолог, исламтанушы, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Ә.Сманов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев, ауыл ақсақалдары және С.Ерімбетұлының ұрпақтары сөз сөйлеп, салтанатты түрде мешіт лентасын қиды.
Әнші демеушілігімен салынған жаңа құлшылық үйі 70 адамдық ерлер залы және 30 адамдық әйелдер залынан тұрады, яғни жалпы сыйымдылығы 100 адамға шақталған. Жамағат ризашылығына кенелген өнер иесі барлық адамды жақсылық жасауға, жақсы ниет қалыптастыруға шақырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат