Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайрат Нұртаспын деп қазақстандықтарды алдаған кім?

Қайрат Нұртаспын деп қазақстандықтарды алдаған кім?

Алаяқтар танымал әнші Қайрат Нұртастың атын жамылып, қазақстандықтарды алдап жатыр. Бұл туралы оның анасы Гүлзира Айдарбекова хабарлады.  
Әдетте алаяқтар әншінің атынан ақша, көлік және пәтер ұтысқа тігілетінін хабарлайды. Ал кейбір аңғал желі қолданушылары парақшаның атын да оқымайтын көрінеді.    

"Мына өтірік парақшалар біздің атымызды пайдаланып, жұртты алдауды табыс көзіне айналдырып алған. Былтыр жасаған жарнамамызды өз парақшаларына салып жатыр. Біздің жеке парақшамыздан көрмесеңіздер, сенбеңіздер", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова instagram парақшасында.

Оның айтуынша, ақшасынан айырылып, шырылдап жатқандар көбеюде.

"Біздің нағыз парақшамызда көк "галочка" бар екенін ұмытпаңыздар", - деп ескертті әншінің анасы.


07 тамыз 2019 ж. 1 065 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031