Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала күтуші өрттен 2 қызды құтқарамын деп ажал құшты

Бала күтуші өрттен 2 қызды құтқарамын деп ажал құшты

Қарауындағы балалар ұйықтап жатқанда, 59 жастағы күтуші дүкенге таңғы ас сатып алуға барған. Қайтып оралғанда үй өртеніп кеткен.

Бала күтуші өртенген үйге кіріп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne басылымына сілтеме жасап.
Малайзияның Джохор штатында бір әйел екі баланы құтқару үшін жанып жатқан үйге кіріп, қайтыс болды.
Қарауындағы балалар ұйықтап жатқанда, 59 жастағы күтуші дүкенге таңғы ас сатып алуға барған. Қайтып оралғанда үй өртеніп кеткен. Үйдің ішінде екі қыз, оған қоса күтушінің немересі қалып қалған. Әйел балаларды құтқаруға асыққанымен, жанындағылар бұлай жасауына рұқсат бермеген. 
Күтушінің 31 жастағы баласы жанып жатқан үйге кірді. Алайда ол өрттің кесірінен балалар жатқан жатын бөлмеге кіре алмаған. Ер адам басқа жол іздеп жатқанда, анасы дымқыл сүлгімен басын орап,  қыздардың артынан жүгіреді. Ал ұлы жол тауып кірген кезде күтуші балаларды өрттен қорғап отырған. 
Қыздардың бірі аман-есен, ал екіншісі аяғын күйдірген. Бала күтушісінің денесінің 80 пайызын, соның ішінде бетін, кеудесін, артқы жағын, қолдары мен аяқтарын күйік шалған. Бірнеше сағаттан кейін күтуші ауруханада қайтыс болды. Өрттің себебі әзірге анықталмаған.

03 тамыз 2019 ж. 918 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 98

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930