Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүкті әйел YouTube-тегі видеоға қарап босанамын деп көз жұмды

Жүкті әйел YouTube-тегі видеоға қарап босанамын деп көз жұмды

Үндістанда 26 жастағы әйел YouTube-тегі кеңестер бойынша үйінде босанамын деп көз жұмды. Оның сәбиі де шетінеп кеткен.

Бұл туралы Hindustan Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Биландпур қаласында орын алған. Үй иесінің көршілері оған жүкті әйел өмір сүріп жатқан бөлмеден қан ағып жатқанын айтыпты. Артынша ол полиция шақырған.

Үй иесі есікті сындырып кіріп, әйел мен жаңа туған сәбиді өлі күйінде тапты. Олардың мүрдесінің жанында қайшы, өткір пышақ және жіп жатқан. Әйелдің смартфоны тексерілгеннен кейін, оның YouTube-тен көрген соңғы видеосы өздігінен босану туралы болғаны анықталды. Осыған байланысты полиция роликтің көмегіне сүйеніп босанбақ болды деп топшылап отыр.

Полицияның болжамынша, әйел тұрмысқа шықпай жүкті болып қалғандықтан ауруханаға бармаған. Марқұмның ата-анасы оның тұрмысқа шықпағанын растады.

Белгілі болғандай, жүкті әйел босануына 4 күн қалғанда пәтер жалдаған. Ол бөлменің иесіне өзін ауруханаға жеткізуге анасы көмектесетінін айтқан.
13 наурыз 2019 ж. 1 914 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 88

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 86

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930