Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы әнге қосқан Үшқоңыр өртке оранды

Елбасы әнге қосқан Үшқоңыр өртке оранды

Өткен аптадан бері төрт рет өрт болған. Жалпы өртенген аумақ 100 гектардан асады.

Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр жайлауына қарасты тау етегі өткен аптадан бері өртеніп жатыр. Бұл туралы бүгін, 2 тамызда Азаттыққа ауыл тұрғындары хабарлады. Олардың сөзінше, екі аңғар өртеніп, от үшіншісіне жайыла бастаған, деп хабарлайды Азаттық.
«Неше күн жанған шөптің түтіні, ыс ауылға жайылып жатыр», - деді ауыл тұрғындарының бірі.
Үшқоңыр ауылы маңындағы тау бөктерінде құрғақ шөптің өртеніп жатқанын Азаттыққа Алматы облысының төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Өткен бейсенбі, 25 шілдеде басталған өрт 26-сында өшірілген. Кейін 27-сі тағы өртеніп, оны да сөндірдік. 30-ы күні тағы өрт шығып, 31 күні өшірдік. Енді кеше 1 тамызда түнде тағы өрт туралы ақпарат келіп түсті. Әлі өртті сөндіріп жатырмыз. Өткен аптадан бері төрт рет өрт болған. Жалпы өртенген аумақ 100 гектардан асады. Қазір өрт сөндіру жұмысына жергілікті атқарушы органнан 18 адам және Қаскелең қаласының өрт сөндіру бөлімінен 10 адам жұмылдырылған. Таулы аймақ болған соң техникамен емес, жаяу жүріп, сумен емес «хлопушкамен» (басында темір қалағы бар ұзын ағаш) өшіріп жатыр», - деді төтенше жағдай комитетінің Алматы облысы бойынша өкілі Азамат Жұртбаев.

Комитет өкілінің сөзінше, өрттің қайта-қайта тұтануына құрғақ ауа райы әсер етіп жатыр.

03 тамыз 2019 ж. 1 111 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 155

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031