
Дуа
– Асылым, Асылым, қайдасың? төргі бөлмеден еміс-еміс естілген дауысқа Қаламқас елең ете қалды. Ас үйде түскі астың қамымен жүрген. Құлағын тосып, тың тыңдаған. Ештеңе естілмеді. Қағыс естіген болармын деп жұмысын жалғап кетті. Бір сәт тарс еткен дыбыс пен шаңқ еткен дауыстан алдындағы жуып тұрған ыдысын...


















