Қалам ұшындағы ғазал
Жақында «Қазалы» газетінің 10 жылдығына орай «Қалам ұшындағы ғазал» атты ақындар мүшайрасы ұйымдастырылған болатын. Жиырмаға жуық жас талант бақ сынаған байқауда еркін тақырып пен газеттің мерейлі мезетіне арналған шығармалар бүркеншік атаумен қазылар алқасы құрамына ұсынылды. Нәтижесінде топ жарған төрт өлеңді газеттің бүгінгі санына жариялап отырмыз.
Редакциядан
Жаңа саны сөреде тұр кезекті
деп кіші інім апамды бір мәз етті.
Жақсылықтың жаршысы сияқтанған,
Отбасымен оқимыз бұл газетті.
Он жылда бір қалмаған дау басында,
Жазады шаруасын да, саудасын да.
...Саясатты сөз қылып әкем отыр,
Газетті алып көршінің ауласында.
Болмаған соң “медиа шайқасында”
Қиындығын бозбала байқасын ба.
“Тілші болам” – дейді інім
алғаш шыққан
Мақаласын көрсетіп шай басында.
Баспасөзбен қоғам да тазара ма?
Журналистер жеткізіп жаза алады ә?
Апам кейде еріксіз мұңаяды,
Соңғы беттен көрінсе қазанама.
Газет емес түлені, сүреңі көп
(Аптасына шығатын бір-екі рет)
Қызығын халық көрер “Қазалының”,
Шыжығын журналистер біледі тек.
Тың жазбалар тізбегі жайнап қатар,
Машбюрода тіршілік қайнап жатар.
Бұқараға ой тастап кей мақала,
Жұқа қағаз ішінде сайрап жатар.
Жазылады риясы, жасырыны,
Бұл “Қазалы” – жаһандық ғасыр үні.
Тәлім берген жасқа да, кәріге де,
Біздің үйдің сүйікті басылымы.
Алысқа жетелердей аттанысы,
Еленер атқарылып жатқан ісі.
Он жылда оқырманын сүйсіндірген,
“Қазалы” Қазалының мақтанышы.
Бақытжан ҚАҺАР,
Қазалы қаласы
Қазалының мақтанышы саналған
Ұран етіп ақиқат пен шындықты,
Жиналады жыр ішіне кіл мықты.
Ұғу қиын не екенін ақиқат,
Білу қиын кім әлсіздеу, кім мықты?
Дарақылық дәп көрінер бар көзге.
Биіктен де биік жандар туады,
Теңізден де терең жандар бар кезде.
Жаңалықтар естіп жүрміз күнде көп.
Баспасөз боп астасатын халықпен,
Бар ғаламға бірігер бір тіл керек.
Сол тілменен сөйлеу керек жырым шақ.
Ұлт алмайтын ұлы қамал болмайды,
Бес саусақпен жұдырық боп жұмылсақ.
“Қазалы” да өшпейтұғын бір есім.
Оқырманға озық оймен танылып,
Он жыл бойы жалғап келер күресін.
Әр мақала ақиқаттай ағарған.
Бұл “Қазалы” газеттердің төресі,
Қазалының мақтанышы саналған.
Ақсұңқар ӘЛМАХАН,
Әйтеке би кенті
Ғасырдың сөзін ғаламға мынау жеткізсін
Нұр аңқығанын сезінемісің парақтан
Жыр оқып сосын жүк артылғанын сөздерден
Ойға батамын.
Өлең бе аппақ?
Ар ақ па?
Қалам ұшында дүние түгел өзгерген:
Барым осы деп, ұсынды біреу ұятын.
Қайтарыңдаршы, биліктің көзі жоғалды,
Далидың көзін берсе егер Әлем сиятын.
Газеттің беті жартысындай ма ғарыштың?!
Бес арысының ойсырап тұр ма орыны?
Жарылып кеткен еліндей болып Арыстың.
Тектісі менен тентегі түгел жиі ұқтық:
Қазалыстанда – рухани жылдам өрлеулер,
Қазалыстанда – экономикалық биіктік.
Жаңғыру біткен жаңалықтармен кеп кірсін.
10 жылдың бүгін үніндей сайрар “Қазалым”
Ғасырдың сөзін ғаламға мынау жеткізсін!
Таусылмасын деп тілейік айтар әңгіме.
Зұлымдықтардың қазасы менен жазылсын,
Мейірімдердің өмір сүруі мәңгіге.
Тереңдігі бар көзден ұқтырар жақ ашпай.
Қазалы – Темірқазығындай бұл ауданның,
Қараңғылықта жол табар елім адаспай.
Тазалығыңды кірлетіп алма лас оймен.
Ақпараттардың, ақ парақтардың легінде
Қазалым енді қазақ өлгенше жасай бер!
Дина БӨКЕБАЙ,
Қожабақы ауылы
Үнпарақ
Бұқара, қылғынған бір парақ.
Сөйлейді адамның тілінде.
Мұқаба, шыңғырған үнпарақ.
Сөйлейді анамның тілінде.
Шөліңді қандырып,
Сөліңді құрғатып.
Мүлгіген қоғамды оятып,
Меңіреу даланы тыңдатып.
Шығады патшаның жарлығы,
Шығады қараның бар мұңы.
Саяси үн қатып.
Жұпары аңқиды сөздің де,
Жұтқандай ең соңғы мөлдір дем.
Үнпарақ құтқарса ғаламды.
Дәл солай қара бұлт төндірген.
Қап-қара сиядан ақ адал.
Маңдай тер көрдім мен.
Сол сөзге сыйдырып,
Пенденің қайғысын,
Адамның шаттығын.
Пұлдамай жоқ-барды,
Жырламай дүние дақпырын,
Үнпарақ айтар деп үміт көп.
Қараны қара деп,
Адалдың ақтығын,
Қоржында “Қазалы” газеті,
Он жылға толыпты тап бүгін.
Сөйлейді адамның тілінде.
Мұқаба, шыңғырған үнпарақ,
Сөйлейді анамның тілінде.
Ақжол ТҮМЕНБАЙ,
Ақтан батыр ауылы