Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасыл желегі жайқалған бақ

Жасыл желегі жайқалған бақ

Қазалы – тарихи қала. Сырдарияның оң жағалуында орын тепкен құтты мекеннің қойнауы сырға толы. Деректерде қаланың іргетасы 1853 жылы қаланғандығы жазылады. Қазалы алғашқыда №1 форт Арал кемелігінің басты аялдамасы болып саналды. Қазалы шатқалындағы форт құрылысы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский император ІІ Александрдың келісімімен генерал-майор, инженер Богдановтың жасаған жобасы бойынша басталған екен. Бұнда қоныс аударып келген орыстар, казактар, татарлар, хиуалықтар, ортазиялық еврейлер жергілікті халықпен қатар өмір сүріп, осында өз кәсіптерін өркендетті. Түрлі ғимараттар бой көтерді. Ұн тартатын диірмен, тері, кірпіш зауыттары жұмыс істеді. Бірнеше мешіт, шіркеу салынды. Қалаға жақын жерде Н.И.Ивановтың шарап және арақ зауыты болды. Ағайынды Хусаиновтар арақ-шарап, сыра және басқа да тағамдар сатып, сауда-саттықты дамытты. Базар күнде жұмыс жасап, аптасына бір рет жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрған екен.

Тарих беттерінде 1855 жылы генерал-губернатор В.А.Перовскийдің бұйрығымен Сырдария жағалауында ағаш отырғызу жұмыстары басталғандығы жазылады. Бұл орын кейін «Ояз бағы» деп аталып кеткен. Бүгіндері сол ескі бақта жергілікті жерде өсетін талдардан бөлек, жылауық тал, катальпа, арша, сунах, айлант, қарағай, үйеңкі және алма, шие, қара өрік ағаштары жайқалып өсуде.

Өткен жылы Оңтүстік Корея азаматтары 1757 алма ағашының көшетін сыйға тартты. Қала тұрғындарымен бірігіп, кәріс ұлтының өкілдері отырғызған жеміс ағашы да көктеп, көгеріп, өсіп келеді. Қаладағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мамандары бірнеше жыл бұрын жапырағы ерекше жайқалып тұратын туя ағашының тұқымын әкеп еккен. Алғашында жергілікті табиғатқа бейімделе алмағанымен, күтіп-баптаудың арқасында еңсе көтере бастады. Қазір көшеттерін көбейту жұмыстары жүріп жатыр. Таулы аймақта өсетін айлант пен катальпа ағаштары да Қазалы көшесінің көркін кіргізетін болады. 17 гектар жерді алып жатқан «Ояз бағында» жыл сайын саялы ағаштардың 35 мың түп көшеті өсіріледі. Қажет кезде мекемелерге тегін үлестіріледі. Сатылатындары да бар. Жалпы, көшет дайындаумен 75 адам айналысады.

Орманшылардың айтуынша, бүгінде бақта таулы аймақтарда өсетін емен ағашы да бар.

– Таулы аймақтардан өзге жерде өспейтін емен ағашын алғаш отырғызғанда шықпай қала ма деген қауіп болғаны рас. Алайда тынымсыз еңбектің, күтіп-баптаудың арқасында ол ағаштар бой көтеріп, жапырақ жайды. Бойы бір метрден асты. Көшет отырғызылған жерлерді жылына төрт рет арам шөптен арылтып, тазартып тұрамыз, – дейді орманшылар.
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
25 маусым 2019 ж. 1 964 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930