Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адвокат сапасыз қызмет көрсеткен жағдайда азаматтар өтемақы ала алады

Адвокат сапасыз қызмет көрсеткен жағдайда азаматтар өтемақы ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР әділет министрі Марат Бекетаев xалық алдында есеп беру кездесуінде айтты.


"Алдағы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, адвокат пен заң консультантының кәсіби жауаптылығын міндетті сақтандыру институты енгізіледі. Бұдан былай сапасыз көмек көрсетілген жағдайда азаматтар сақтандыру өтемақысын ала алады", - дейді Марат Бекетаев. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік және қаржылық жағдайы қиын азаматтарға адвокат немесе заң консультантынан тегін кешенді әлеуметтік заң көмегі көрсетіледі екен. 

"Бұл көмек өтініш жасаған уақыттан бастап іс бойынша шешім қабылданғанға дейін көрсетіледі. Азаматтардың мемлекет кепілдік берген көмегін алу мүмкіндігі сақталған. Ол алимент өндіру, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселесі бойынша заңда көзделген азаматтарға көрсетіледі", - дейді ведомство басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР әділет министрі Марат Бекетаев енді борышкерлердің банк шотынан ақшасын алып қоюға шектеу қойылатынын айтты.
14 маусым 2019 ж. 1 102 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 240

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031