Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақваген": Жамбылдық малшы мотоциклден машина жасады

"Қазақваген": Жамбылдық малшы мотоциклден машина жасады

Жамбылдық Төлеген Юсупов үш аяқты техниканы жеңіл көлікке айналдырып елді таңырқатуда. Қарпайым малшы "Қазақвагенді" қалай құрастырған.
Төлегеннің машинадан мотоцикл жасаймын дегеніне әу баста туған-туыстары, тіпті жарының өзі сенімсіздік танытқан. Бірақ 38 жастағы азамат өзінің дегеніне жетіп, үш аяқты техниканы механикалық машина етіп жасап шығарған.
Күтпеген жерден көлік "Геленвагенге" ұқсап қалды. Сөйтіп, ол "Қазақваген" деп аталып кетіпті.
Ал көлікке берілген 080 TEN 08 мемлекеттік нөмірі де тегін емес. "Тен" деген Төлеген дегенді білдіреді. Ал өзі мал бағатын Төлеген Юсуповтың мұндай көлік құрастыруына оның мотоциклмен жауынның астында қалуы себеп болған. Сондықтан салонның ішін неғұрлым жылы етуге тырысыпты.
Жыл он екі ай жүруге ыңғайлы техниканы құрастыруға Төлегеннің бір апта уақыты кеткенімен, бір тиын шығындалмаған. Ол үйдегі ескі көліктің жарамсыз бөлшектерін кәдеге жаратыпты.
Ал сыртына құрылыс материалы алюкобондты қолданған. Салонның ішінде жарық бар, тіпті өрісте жүріп-ақ қалта телефонын қуаттауға болады.
Айта кетейік, "Қазақваген" тегіс жолда сағатына 70-80 шақырым жылдамдықты бағындыра алады.
16 қаңтар 2018 ж. 3 664 0

Жұрт ағылған жәрмеңке

19 тамыз 2025 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031