Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық садақа қабылдау терминалдарына дайын ба?

Халық садақа қабылдау терминалдарына дайын ба?

Осыдан бірнеше жыл бұрын мешіттерде садақа қабылдау терминалдары орнатыла бастады. Негізгі мақсат - қаржының ашықтығын қамтамасыз ету. Алайда аталған бастаманы халықтың өзі қабылдап жатқан жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, садақа қабылдау терминалдары пилоттық жоба аясында Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ облыстардың орталық мешіттерінде орнатылған болатын. «Бүгінде осы тәжірибеге қатысты екі мәселені атап өтуге болады. Біріншіден, терминалдарда техникалық ақаулықтар бар. Атап айтқанда, ұсақ ақша қабылданбайды, түбіртек уақытында шықпай қалады және тағысын тағы. Екіншіден, мешітке келген жамағат Алла разылығы үшін берген ақшалай садақасын жария еткенді, я болмаса, терминал арқылы түбіртегін алып жатқанды қаламайды. Өйткені біздің асыл дінімізде, жалпы қазақ халқының таным-түсінігінде «оң қолың берген садақаны сол қолың білмесін» деген әдемі нақыл бар. Бұл сөз Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисінен алынған. Сол себепті садақа берушілер өзінің сауапты амалын басқалардың білмегенін, яғни өзі мен Алланың арасындағы құлшылықтың құпия болып қалғанын қалайды», - деді А.Қонарбайұлы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, мешіттердің жанынан құрылған арнайы комиссиялар терминал арқылы түсетін садақаны бақылайды. Комиссияны құрамына бірнеше адам кіреді. Олар құжаттарды рәсімдеп, есеп-қисабын жасайды. «Дегенмен, бүгінде халқымыз ондай жаңа технологияларға жатырқап қарайды. Сол себепті садақа қабылдау терминалдарын толыққанды іске қосу үшін әлі де бірнеше жыл қажет. Қазірдің өзінде терминалдар барлық мешіттерде істеп тұрған жоқ. Өйткені кейбір жерлерде техникалық мәселелер туындады. Енді, алдағы уақытта осы электронды жүйеге толығымен көшеміз бе, жоқ па, оны уақыттың өзі көрсетеді. Сосын халықтың көзқарасы да өз септігін тигізеді», - деп атап көрсетті А.Қонарбайұлы.
inform.kz​​​

12 ақпан 2018 ж. 1 724 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 160

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031