Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмақ мекен ал мені құшағыңа

Жұмақ мекен ал мені құшағыңа

Уа Дариға, туған жер, ұлыс далам,
Күрішің, күрмегің де ырыс маған.
Топырағыңа аунасам жарықтық-ай,
Бабамның рухын сезем тыныстаған.

Туған ауыл, өскен жер, кіндік кескен,
Азан-қазан алаңсыз тірлік кешкен.
О, пəтшағар қарашы мына жұртқа,
Бір анадан туғандай бірлікте өскен.

Жайықбайым жаз жайлау жылқы баққан,
Ай астында Əжіарық үркіп аққан.
Қырық рулы қазақтың даласы бұл,
Құшағында ғажап бір жұрты жатқан.

Сақыбайға сап қармақ саламыз да,
Сайын дала төсіңде шабамыз ба?
Тракторшы əкелер тыным таппай,
Еңбектің дəнін терген салы аңызда.

Аңыз белде, анау бір бозаң құмда,
Талай марқұм көмілген ғазал мұңға.
Шежіресі шертілген шерлі ауыл бұл,
Абыз кеуде қарттардың көз алдында.

Құдайдың ісін қара қарғам əні,
Садаға болған жұрт-ай жанға малы.
Қара күйе жұқтырмай жаулығына,
Шешем əлі табаға нан жабады.

Ақша бұлттан құрайды аспан құрақ,
Күнмен бірге келеді ақшам құлап.
Кенезесін кептірмей кең даланың,
Ағыл-тегіл ағады Оспан бұлақ.

Ана белден ары асып Қаракөлден,
Қырғауыл құс атады бала мерген.
Көктен түскен Тəңірдің тəтті еңбегін,
Кетпен шауып татамыз қара жерден.

Айқара ашып ақ төсін қырман күзге,
Қамба толып жататын жылдам лезде.
Алматының апортын аңсамаймыз,
Ауылдың алма ағашы тұрған кезде.

Бесігінде іңгəлап арыс-ұлан,
Қыз қылығы жоғалса жан ұшырам.
Хан Тəңір де биіктік емес білем,
Біздің жақтың ар-ұят, намысынан.

Біздің ауыл, біз өскен алып далам,
Тірісінде білмейді-ау тамұқты адам.
Жұмақ мекен ал мені құшағыңа,
Қайтейін, өзегімнен талып барам.
Ақжол ТҮМЕНБАЙ,
Ақтан батыр ауылы
08 желтоқсан 2018 ж. 2 067 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930