Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар үйінде тәрбиеленген Олесяны «Ана үйі» қазақ салтымен ұзатты

Балалар үйінде тәрбиеленген Олесяны «Ана үйі» қазақ салтымен ұзатты

Өзін аяғы ауыр кезінде жігіті тастап кеткен соң Олеся Павлодар қаласындағы «Ана үйін» пана қылған. Бұл жердегі қайырымды жандар оған қол ұшын созып ғана қоймай, өмірлік серігін кездестірген қызды қазақтың салтымен ұзатқан, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Осыдан төрт жыл бұрын қазіргі күйеуі Иванмен танысқан Олеся ол таңда басқа азаматпен кездесіп жүрген көрінеді. Артынша қызының аяғы ауыр екенін білген павлодарлық ізін суытып жоқ болған. Осылайша Олеся Павлодар қаласындағы «Ана үйіне» келіп, көмек сұраған. Қол ұшын созған қалалық қоғамдық қоры баласымен жалғыз қалған келіншекті құрылыс дүкеніне жұмысқа тұрғызып, тіпті ұзату тойын да жасап берген.

Олеся балалар үйінде тәрбиленгендіктен оның ұзату тойын өткізуге Павлодар қаласының «Ана үйі» қоғамдық қорының координаторы Әсел Әбішова көмектескен. Қазақи дәстүрмен ұзатылған Олесяға салт бойынша сырға салынып, беташар жасалып, тіпті қоржын әкелген екен.
01 желтоқсан 2018 ж. 2 037 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031