Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар – жазда, қарттар – қыста көбірек өледі екен. Неге?

Жастар – жазда, қарттар – қыста көбірек өледі екен. Неге?

   Ағылшын ғалымдары өткен аптаның соңында назар аударарлық деректерді жария етті. Олардың зерттеуіне қарағанда, жастардың көпшілігі жазда, яғни, маусым-тамыз айларында, ал қарттар қыс  айларында өмірден өтеді екен. Мұның себебі неде?
   Зерттеу барысы көрсеткендей, жастардың көбісі жол-көлік оқиғасы, сондай –ақ әртүрлі жарақаттардан қайтыс болатын көрінеді. Ал қарттардың бақилық болуының себебі неде? Мұның себебін ғалымдар қарт кісілердің қыс айларында тұрақты түрде қозатын сырқатының асқынуынан көреді. Мамандар 1980-2016 жылдары қайтыс болған  100 мыңнан аса адамның қайтыс болу себептерін  зерттеп көрген. Мәлім болғанындай, 45 жастан асқан адамдар негізінен желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында қайтыс болған. Ал бұл көрсеткіш әсіресе, жаз айларында күрт азаятын көрінеді. Ал керісінше, 5 пен 34 жастағылардың бақилық болуы  шілде мен тамыз айларында күрт көбейеді екен. Жастай кеткендер негізінен әйел, мейлі еркек болсын, олар әртүрлі жарақат пен тосын апат пен түрлі оқыс оқиғалар мен жүрек ауруынан қаза табады. Денсаулыққа назар аудармай жүрудің де салдары осындай өкінішті жағдайларға әкеп соғады екен.
   Сондықтан да мамандар жылдың қай мезгілі болсын, қашанда сақтанып жүруді ескертеді.
04 қараша 2018 ж. 1 321 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 592

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 034

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031