Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Миллиардтаған адам жастай қайтыс болады — зерттеу

Миллиардтаған адам жастай қайтыс болады — зерттеу

ДДҰ 168 мемлекет тұрғындары арасында сауалнама өткізді. Дүниежүзідік денсаулық сақтау ұйымы жер бетіндегі 1,4 миллиард адамның жүрек-қан тамырлары, екінші дәрежелі диабет және рак ауруына шалдығып, жастай қайтыс болатындарын мәлімдеді. Бұған адамдардың физикалық белсенділігінің төмендеуі себеп болып отыр екен. Бұл туралы MedicalXpress таратқан баспасөз баяндамасында жазылды.
Мамандар 168 мемлекетте тұрып жатқан 18 жастан асқан адамдар арасында сауалнама жүргізді. Жалпы респонденттер саны 1,9 миллиардқа жетіп отыр.
Ғалымдардың зерттеуінше, жер бетіндегі әрбір үшінші әйел және төртінші ер адам ағза үшін қажет физикалық жаттығулар жасамайды. Әр адам аптасына 150 минут орташа жылдамдықпен немесе 70 минут асқан жылдамдықпен жаттығулар жасауы тиіс.
Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия, Океания сынды аймақтарда физикалық жаттығуды көп жағдайда кедей адамдардың жасайтыны белгілі болды. 55 мемлекетте халық физикалық жаттығуға мүлдем дерлік уақыт бөлмейді. Ал Кувейт, Америкалық Самоа, Сауд Арабиясы және Ирак сияқты мемлекеттерде тұрғындардың тең жартысының бір орында отырғанды ұнататындары белгілі болды. Сондай-ақ, барлық аймақта ерлерге қарағанда әйелдердің физикалық жаттығулар аз жасайтыны белгілі болды.
sputniknews.kz

06 қыркүйек 2018 ж. 1 764 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 57

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 58

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 101

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 117

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031