Жолаушылар жолақысын білезікпен төлеуі мүмкін
Астана, BAQ.kz тілшісі. Astana LRT ЖШС жолақысын төлеу үшін көліктік карталарды білезік түрінде шығаруды жоспарлап отыр.
«Қазір таңда адамдар қоғамдық көлікте төлем жүргізу үшін көліктік картаны көптеп пайдаланады. Алайда жастар, балалар мен студенттер қолына білезік таққысы келеді. Қарапайым үйдің кілттеріне неше түрлі салпыншақтарды (брелок) іліп қоюға жастар құмар. Сондықтан көліктік картаның бір түрін – дәл осы білезік секілді етіп шығаруды көздеп отырмыз. Ол да – карта. Қалпы мен түрі білезікке ұқсас демесеңіз, қарапайым төрт бұрыш картадан ешқандай айырмашылығы жоқ. Тек білезіктің ішінде де чип болады», - деді Astana LRT ЖШС төлем жүйесі департаменті директоры Дәурен Нұрәлиев.
Оның айтуынша, пилоттық жобаның аясында білезікке ұқсас көліктік карталар осы жылдың аяғына дейін шығарылады.
Айта кетейік, осыған дейін Аstana LRT компаниясы көліктік картаны толтырудың жаңа әдісін енгізгелі жатқанын жазғанбыз. Сондай-ақ аталмыш компания алдағы уақытта жолаушылар жол ақысын білезікпен төлеуі мүмкін екенін хабарлады.