Боқтап сөйлеу қаншалықты күнә?

«Аллаға иман еткен кісі міншіл емес, қарғап-сілеуші емес, жаман жүрісті емес, былапыт, балағат сөзді(بَذِىءٌ) емес»[1] Аталмыш хадисте өзін мүмин санайтын кісі өз бойындағы әлгіндей сүйкімсіз қылықтар бола қалған жағдайда, олардан тазалануы керек екендігін ашық айтылуда.
Тағы бір хадисінде былай дейді:
«Қиямет күні кісінің таразыға ауыр басатын нәрсесі – көркем әдебі. Сөзсіз, Алла тағала боғауыз, былапыт сөз айтушы ( الفاحش البذيء)кісіге ашуы келеді»[2]
Бухаридің хадис жинағында көрсетілген бір хадисте әке-шешеден сыбаудың үлкен күнәлар қатарына кіретіндігін айтылған. Ол(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Үлкен күнәлардың ішінде ең ауыры кісінің өз ата-анасына лағынет айтуы», – деді. Сонда одан бір кісі:«Қалай өз ата-анасына лағынет айтуы мүмкін, Уа, Расулалла?», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз сонда (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Кісі біреуді әкесінен сыбайды. Ол да оны (өз кезегінде жауап ретінде) әке-шешесінен сыбайды. (осылайша біреу арқылы өз ата-анасын боқтаған болып отыр)[3]», – деп жауап береді. Ендеше, мұсылмандардың боғауыз сөзден бойларын аулақ ұстағаны абзал.