Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыс жария түрде жүргізіледі

Жұмыс жария түрде жүргізіледі

Департамент жанындағы Арнайы мониторингтік, Ведомствоаралық топтар мүшелерінің және облыстағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің, мемлекеттік органдардың кадр мәселесі жөніндегі мамандардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесуді Департамент басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы ашып, аймағымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Бердалин Арман Тілектесұлына сөз берді.
Департамент директоры А.Бердалин өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, мемлекеттік қызметшілерге факторлы-балдық шкала негізіндегі еңбекақы төлеу жүйесінің апробациясы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, арнайы мониторингтік топтардың жұмысын жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстардың барысы туралы хабарлама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Сондай-ақ, әрбір азаматтың «Фейсбук» әлеуметтік желісі және «Телеграмм» мессенджері арқылы тікелей Агенттік Төрағасы Шпекбаев Алик Жатқамбайұлына сұрағын қойып, өтінішін қалдыра алатындығын жеткізді.
Сонымен қатар, Арман Тілектесұлы қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерін Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында жол құрылысы, әлеуметтік объектілердің құрылысы, көгалдандыру және өзге салаларда қоғамдық бақылауды орнатуға атсалысуға, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Бұл мақсатта Агенттіктің немесе аумақтық департаменттердің «WhatsАpp» мессенджері мен «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде аккаунттары, сонымен қатар, call-орталықтар(1424, 8/7242/705055) арқылы өтініш беру мүмкіндігі бар екендігін баса айтты.
Кездесу барысындаоблыстық Арнайы мониторингтік топ басшысы, «Ұмай» сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің директоры Анар Ізден, мониторингтік топ мүшелері облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Болат Нұрқожаев, «Қазақстан халықтық коммунистік» партиясының Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Талғат Телеубаев, Ведомствоаралық топ мүшесі, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітова өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
17 қыркүйек 2018 ж. 938 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930