Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордаға келудің 11 себебі

Қызылордаға келудің 11 себебі

Аймақта туризм бағытын дамытуды көздеген блок-тур осылай аталды. Қызылорда облысының оң имиджін қалып­тастыру мен туристік нысан­дар­ды насихаттау мақсатында ұйым­дастырылған турды блогерлер қолға алған. Турдың нәтижесі туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте “Социум-Қызылорда” қо­ғам­дық қорының төрағасы Ерлан Мұсаев, видеоблогер Герман Дьяченко, сценарист Еркін Сәрсенбаев баяндады.
Блог-турды ұйымдастырушылар облыс аудандарын аралап өткен. Онда Сыр өңірінің демалыс орындары үш тілде видеоға түсіріліп, таныстырылады. Бұл үшін арнайы сценарист, жүргізушілер мен операторлар жұмыс жасаған. Атал­ған видео-блог қыркүйек айының 10-20-сы аралығында көп­шілікке жол тартпақ.
– Бұл шара Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекесіне орай ұйым­дастырылды. Оның мақсаты – тарихы терең өлкені таныстыру. Осы тұрғыда аймақтың барлық тыныс-тіршілігін ашатындай әсем жерлерді көрсетуге тырыстық. «Жаңақорған шипажайынан» бастау алған тур «Бәйгеқұм» демалыс орнын, «Қорқыт ата» ескерткішін, «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Н.Ілиясов ауылы, сол жағалау секілді көрнекті орындарды аралады. Сондай-ақ, мәдени орындардан бөлек, ұлттық тағамдарымыз бен корей, өзбек секілді асханаларды көрсеттік. Бұл видео-блог барлық сырттан келетін қонақтардың қызығушылығын оятады деп сенемін, – деді Е.Мұсаев.
Тур ұйымдастырушылары жиын барысында аймақта саяхатшылар үшін барлық жағдай жасалғандығын ерекше тілге тиек етті. Әсіресе, автожолдың қолайлығы мен жол бойында орна­ласқан сервистік кешендердің туристер үшін жақсы қарастырылғанын баса айтты. Басқосу соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, қолдау көрсеткен барлық жергілікті мекемелер мен облыс әкімдігіне және “Абзал и К” ЖШС-на алғыстарын білдірді.
10 қыркүйек 2018 ж. 1 952 0

Талабы таудай Элля

29 сәуір 2025 ж. 182

Елді жаудан қорғаған ер

29 сәуір 2025 ж. 183

Менің атам – майдангер

29 сәуір 2025 ж. 236

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930