Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз атына жазылған жеңілдік картасын кімдер ала алады?

Өз атына жазылған жеңілдік картасын кімдер ала алады?

Өз атына жазылған картаны «Ведомствоаралық әлеуметтік төлем есеп айырысу орталығында» (ВӘТЕО) есепте тұратындар – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалы Астана қаласы бойынша (Астана қ. бойынша МӘТО) жататындар ала алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, келесі санатқа жататындар да ала алады: жас бойынша зейнеткерлер және қызмет өткерген жылдар, сонымен қатар жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар және асыраушысынан айырылғандар, зейнет жасына жеткендер; көпбалалы аналар; көпбалалы отбасылар; мүгедектер; 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар; оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілі); Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушылары және соған теңестірілгендер.
Жеңілдік транспорт картасын тек «Ведомствоаралық әлеуметтік төлем есеп айырысу орталығында» (ВӘТЕО) – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ филиалы Астана қ. бойынша (Астана қ. бойынша МӘТО) есепте тұратындар алады.
Байланыс-орталығына хабарласып (тел. 574-777), операторға өзіңіздің ЖСН айтыңыз. Оператор сіздің мәліметтеріңізді ВӘТЕО бар-жоғын тексереді.
Егер мәліметіңіз базада бар болса, Сіз картаны алудың екі түрлі әдісіне өтініш бере аласыз.
1 Нұсқа
www.alrt.kz немесе www.transcard.kz сайтына онлайн-өтініш қалдырыңыз.
5 жұмыс күні ішінде Сізге электронды поштаңызға өтініштің статусы туралы хабарлама келіп түседі.
Дайын болған жеңілдік картасын алу үшін Орталық кассаға баруыңыз қажет.
2 Нұсқа
Орталық кассаға тікелей барыңыз және анкетаны толтырыңыз. Өзіңізбен бірге жеке төлқұжатыңызды және зейнеткерлік құжатыңызды ала келіңіз.
Орталық кассаның мекен-жайы: Қажымұқан к, 14 үй. Кассаның жұмыс уақыты: Дс-Жм сағат 9.00-ден 18.00 үзіліссіз.
Жеңілдік транспорт картасы жеке атыңызда болады және үшінші тұлғаға пайдалануға берілмейді. Жеңілдік транспорт картасы қалалық және экспресс бағыттағы маршруттар үшін толтыруды қажет етпейді және жүру саны бойынша шектеу жоқ.
Жеңілдік санаты бар азаматтар тегін жүргеніне қарамастан, карталарында жол жүру болмаса да олар автобустың салонына кірген кезде транспорт картасын валидаторға жақындатып, тіркетуі тиіс.
Қанша жол жүргеніңізді міндетті тіркеудің қажеттілігі мынада:
Біріншіден, субсидияны дұрыс есептеу үшін. Қала әкімдігі жеңілдік санатындағы азаматтарды тасымалдайтын (автопарктер) тасымалдаушылардың шығынын ішінара өтейді. ЭЖТЖ және валидаторлардың арқасында қанша жолаушы тасымалдағаны немесе басқа автопарктердің тасымалдағаны туралы нақты есеп қолжетімді болады. Бұл әкімдіктің автопарктерге аударылатын қаржыны жол жүрушілердің санына қарап нақты есептеп шығуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, міндетті валидация жолаушылар ағымына талдау жасауға нақты көмек береді. Осы талдаудың негізінде маршруттардың желісі жақсаруда: жаңа бағыттар қосылып, өзгеруде, сұранысы көп бағыттардың жүктемесіне бағытталған жүмыстар жүргізілуде.
19 шілде 2018 ж. 1 072 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930