Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 52 адам тірідей жанып кеткен автобус: Сот Ақтөбеде өтетін болды

52 адам тірідей жанып кеткен автобус: Сот Ақтөбеде өтетін болды

  Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустың өртеніп кету дерегі бойынша қозғалған іс бойынша сот отырысы Ырғыз ауданында емес, Ақтөбеде өтетін болды. Мұндай шешімді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының өкілдері қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  Алқа төрағасы Қайырбек Елемесов сотта қатысушылардың жағдайын ескергенін айтып өтті. Ырғыз аудандық соты облыс орталығынан 450 шақырым жерде екен.
  "Сіздер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 314-бабына сүйендіңіздер. Қылмыстық құқық бұзушылық бір сотта басталып, басқа сотта аяқталса іс тергеу аяқталған жерде қаралуы тиіс. Мысалы, қылмыстың бір бөлігі Ырғызда жасалып, екінші бөлігі қалада жасалды делік. Бұл жағдайды қылмыстық іс Ырғызда жасалды деп санаймыз. Осылайша сот қалада өтеді", - деді алқа төрағасы Қайырбек Елемесов сотталушылардың адвокаттарына.
  Сондай-ақ, облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері сот отырысының нақты қайда өтетіні белгіленбегенін айтып өтті.
Мұның алдында Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотында Өзбекстанның 52 азаматы қаза болған автобустың өртеніп кету дерегі бойынша сот отырысы басталғаны хабарланған еді.

kaz.tengrinews.kz
16 тамыз 2018 ж. 1 094 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 144

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031