Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаларға арналған тұңғыш 3D кітаптар жарық көреді

Балаларға арналған тұңғыш 3D кітаптар жарық көреді

Қазан айында Қазақстанда тұңғыш отандық балаларға арналған 3D кітаптар жарық көреді. Бұл туралы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры міндетін уақытша атқарушы Нұржан Жолдыбалинов өз сұхбатында хабарлады.
«Қазір біз аудиокітаптармен айналысып жатырмыз. Ұлттық академиялық кітапханада дыбыс жазу студиясы ашылды. Көптеген шетелдік аудиокітаптарды қарап шықтық, олардың кейбірін тыңдап, ұйықтап кетуге болады. Біз 3D технолонияларды енгізу арқылы аудиокітаптар жасағымыз келеді. Яғни, ат шабатын тұсты оқығанда бала аттың шабысын естиді, сол сияқты керек жерде желдің дыбысын қосамыз», - деп түсіндірді Нұржан Жолдыбалинов. Оның айтуынша, бұл кітаптар баланың танымын кеңейтеді. Дыбысты есту арқылы баланың қиялына қанат бітіруге болады. «Қазір дыбыс жазу жұмыстарын атқарып жатырмыз, жобаны қазан айында таныстыру жоспарланған. Әзірге бес ертегі жазылды. Бұл - біздің алғашқы жобамыз, кейінірек «Бабалар сөзі» сынды анағұрлым ауқымды кітаптарды қолға аламыз», - деді Нұржан Жолдыбалинов. Айта кетейік Нұржан Жолдыбалинов - «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.
inform.kz
15 тамыз 2018 ж. 1 389 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 133

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 125

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 94

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031