Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 5 мемлекеттік қызметші теріс себептермен қызметтен босатылған

Қызылордада 5 мемлекеттік қызметші теріс себептермен қызметтен босатылған

Қызылорда облысында 2018 жылдың басынан бері теріс себептермен 5 мемлекеттік қызметші атқарып отырған қызметінен босатылған. Бұл өткен жылдың І-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 3,5 есеге азайып отыр деді, - баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов.
Биылғы алты айдағы теріс себептермен қызметтен босатылғандардың 2-уі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін, 2-уі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін және 1 мемлекеттік қызметші дәлелді себепсіз 3 сағаттан астам уақыт жұмыста болмағандығы үшін қызметтен қуылса, былтырғы жылдың алғашқы алты айында 17 мемлекеттік қызметші теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған болатын.
Сондай-ақ, облыс бойынша жыл басынан бері 48 мемлекеттік қызметші, оның ішінде басшы құрамдағы 14 қызметші өз өтінішіне сәйкес қызметтен кеткен.
Бүгінгі таңда, Қызылорда облысында штат бойынша 3737 қызметшінің орнына 3588 мемлекеттік қызметші жұмыс жасауда.
07 тамыз 2018 ж. 1 566 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930