Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сиқырлы кәмпиттің шырмауы

Сиқырлы кәмпиттің шырмауы

Бір ауылда әрі сыныптас, әрі, көрші, әрі дос Еркін мен Қуаныш деген балалар тұрады екен. Еркін, спортпен айналысатын, сабақ үлгерімі жақсы, тәртіпті бала екен. Ал Қуаныш, еріншектеу, сабаққа да аса құлшынысы жоқ, кейбір нәрселерден қорқақтығы да бар бала болыпты. Бір күні екі дос мектептен келе жатса, алдарынан бейтаныс, ауыл тұрғынына ұқсамайтын ағайды кездестіреді. Ол ағай:
– Балалар, мен сиқыршымын, менде жесең ештеңеден қорықпайтын, батыр қылатын сиқырлы кәмпит бар депті. Оған, Еркін:
– Менің ата-анам, бейтаныс біреумен сөйлеспе, бергенін алма деген, сол үшін керек емес, – деп Қуанышты жетекдеп алып кетіпті.Бірақ, «батыр боласың» деген сөзге қызығып, шынымен кәмпит сиқырлы шығар деп, Қуаныш Еркінге айтпай артынша бағанағы ағайға барып, бір кәмпитін алып жеген екен.
Басында, кәмпитті жеген соң, шынымен Қуаныш өзін батыр сезініп, басқаша күйде болады. Бұл керемет екен деп, ертесіне сиқыршы ағайға барып кәмпитті тағы сұрайды.
– Бірақ, бұл жолы кәмпит тегін берілмейді, керісінше сатылады, – дейді әлгі сиқыршы.
Не істерін білмей, Қуаныш үйіне барып, анасының күні бойы жұмыс істеп тапқан ақшасын ұрлап алып, әлгі кәмпитті сатып алады.
Осылайша күнде сол кәмпитті жемесе басы ауырып, әлсірей бастайды. Анасының да ақшасын ұрлауға әдеттенеді.
Анасы сұраса:
– Мен емес алған ақшаны, – деп өтірік айтып, өтірікші, ұрлықшы бола бастайды. Қуаныштың бұл тірліктері дұрыс емес екенін байқаған досы Еркін, бұны аңди бастайды. Себебін білгеннен кейін, досына көмек көрсету үшін Қуаныштың ата-анасына айтады. Барлығы Қуанышқа:
– Бұл сиқырлы кәмпит емес, бұл есірткі қосылған кәмпит . Қазірден құтылмасаң, ауру болып, өлесің, – деп түсіндіреді және ауруханаға жатқызып, дәрі-дәрмекпен емдетеді. Ауыл халқы жабылып, жаңағы сиқыршы ағайды полицияға ұстап береді. Ата ананың айтқанын тыңдап бейтаныс адаммен сөйлеспеу керектігін , одан ештеңе алмау керектігін, есірткінің қаншалықты нашар зат екенін түсінген Қуаныш, «ешқандай сиқыр деген жоқ, адам өзіне ғана сенімді болу керек» деп досы Еркінмен спортқа барып, сабағын да жақсы оқуға кірісті. Қазір, Еркін мен Қуаныш айырылмас дос әрі мықты спортшылар, білімнің арқасында керемет жұмыс орнында жұмыс істеп жүрген үлкен азаматтар. Оларды ата-аналары мақтан етеді.
Түйін: Ата-анаңның айтқанын тыңдау, бейтаныс адамдардан сақ болу – сенің қауіпсіздігіңнің кепілі. Жалған уәделерге сену үлкен қатерге әкелуі мүмкін. Нағыз батырлық – денсаулығыңды сақтап, шынайы еңбек пен білімнің арқасында жетістікке жету. Есірткі сияқты зиянды әдеттерден алыс болып, өміріңді өз қолыңмен жақсылыққа толтыру – ең дұрыс таңдау!
Азиза ЕРБОЛ,
Ақсуат ауылдық №100 мектептің
2-сынып оқушысы
13 қаңтар 2025 ж. 70 0

Есірткі туралы ертегі

13 қаңтар 2025 ж. 38

Қорқыныш пен жалғыздық

13 қаңтар 2025 ж. 44

Ақылды қоян мен улы шөп

13 қаңтар 2025 ж. 50

Сиқырлы саңырауқұлақ

13 қаңтар 2025 ж. 50

Есірткі туралы ертегі

13 қаңтар 2025 ж. 273

Есірткі жайлы ертегі

13 қаңтар 2025 ж. 53

Есірткі жайлы ертегі

13 қаңтар 2025 ж. 75

Пайдалы жеміс-жидектер

13 қаңтар 2025 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031